Шахмат • 24 Қаңтар, 2026
Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өтіп жатқан шахмат фестивалінде Бибісара Асаубаева үздіктерден қалыспай келеді.
Спорт • 23 Қаңтар, 2026
Еліміздің мәнерлеп сырғанаушылары ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында жарқырап шығып, халықаралық аренада өздерінің мықтылығын мойындата бастады. Алғашында Денис Тен олжаға кенелсе, одан кейін Элизабет Тұрсынбаева топ жарды.
Спорт • 23 Қаңтар, 2026
Денистің діттегені – жүлделі орын
Апеннин түбегінде алауы тұтанатын XXV қысқы Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріледі деп сеніп отырған еліміздің басты үміттерінің бірі шорт-тректің хас шебері Денис Никиша екені сөзсіз. Бүгінгі мақаламызда сол спортшы туралы әңгіме қозғауды жөн көрдік.
Олимпиада • 23 Қаңтар, 2026
Апеннин түбегінде асығымыз алшысынан түсе ме?
Биылғы ең басты спорттық жарыс – 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпия ойындары. Байрақты бәсеке барысында спорттың 8 түрінен (16 қашықтық) 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушылар қатарында еліміздің спортшылары да бар. Осы дүбірлі дода қарсаңында Ақ Олимпиаданың тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында шымылдығы түрілген шахмат фестивалінде Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп жатыр. Тұсаукесер кездесуінде америкалық Энди Вудфорды ұтты. Екінші партияда әзербайжандық Айдын Сулейманлымен ұпай бөлісті. Одан кейін де аргентиналық Фаустино Орамен тең түсті. Бұл ойыншылардың барлығы да ФИДЕ рейтінгінде қазақ қызынан жоғары тұр. Үшінші турдан кейін Бибісара жарыс кестесінде екінші орында тұр. Тағы алты шахматшының нәтижесі дәл сондай. Көш басында – Сулейманлы. Ол 2,5 ұпайды олжалап отыр.
Теннис • 22 Қаңтар, 2026
Үміт артқандар үшінші кезеңге шықты
«Үлкен дулыға» санатына жататын жарыстардың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің екінші кезеңі де еліміздің теннисшілері үшін сәтті басталды.
Спорт • 21 Қаңтар, 2026
Футболдан «FIFA Series 2026» жарысында еліміздің ұлттық құрамасының қарсыластары белгілі болды. Олар – Кувейт, Намибия, Камор аралдары. Бәсекелер 23–31 наурызда «Астана Аренада» өтеді. Сондай-ақ доп додасының алғашқы кезеңі біздің елден бөлек, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда, Өзбекстанда ұйымдастырылады. Әйелдер арасындағы турнирлерді Бразилия, Кот-д’Ивуар, Таиланд қабылдайды.
Теннис • 21 Қаңтар, 2026
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында өнер көрсетіп жатқан еліміздің бес теннисшісінің төртеуі келесі кезеңге шықты.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен құрлық кубогінде күміс жүлдегер атанды. Алғашында олар Данияның «Хернинг Блю Фоксын» (6:2) ұтқанымен, Францияның «Анжесінен» (2:3) овертаймда жеңілді. Десек те осы төрт ұпай отандастарымызға өз тобында бірінші орын алуға жеткілікті болды. Ал финалда «Ноттингем Пантерзге» 2:4 есебімен ұтылды.
Теннис • 20 Қаңтар, 2026
Зарина ұтылды, қалғандары қатарда
Мельбурнде Аустралия ашық біріншілігінің шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 74 900 000 долларды құраған дүбірлі додада әлемнің ең үздік теннисшілерімен қатар еліміздің бірнеше өкілі бақ сынайды.