Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
463 материал табылды

Спорт • 06 Ақпан, 2026

Абзал жүлдеден үмітті

Олимпия ойындарына ат­танған санаулы қанда­сымыздың арасындағы ең мықтысы – Абзал Әжғалиев. Жанкүйерлер дүбірлі додада жүлде алып жүрген шорт-тректің хас шебері Апеннин түбегінде атой салады деп үміт­теніп отыр.

Олимпиада • 06 Ақпан, 2026

Дүбірлі дода тарихынан

Италия қысқы ойындарды өткізу құқығын осымен төртінші рет жеңіп алды. Сонау 1944 жылы VI Олимпиада Кортина-д’Ампеццода өтуге тиіс еді. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан ол кейінге шегерілді. Араға 12 жыл салып аламанның алауы дәл сол шаһарда тұтанды. 2006 жылы ғаламдық дода Туринде дүркіреп өтті.

Спорт • 05 Ақпан, 2026

Жарыс күнделігі

БАӘ-ның Фуджейра қаласында таеквондодан ірі халықаралық турнир аяқталды. Оған 50-ден аса мемлекттен келген 900-ге тарта спортшы қатысты. Жарысты еліміздің ұлттық құрамасы үш қола медальмен қорытындылады. Жүлде игерлері – Бахадыр Шапулатов (54 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг).

Теннис • 05 Ақпан, 2026

Үмітіміз – Диаста

Еліміздің ерлер құрамасының капитаны болып Диас Досқараев тағайындалды. 6–7 ақпан аралығында Астанада Монакоға қарсы өтетін Дэвис кубогінің плей-офф сайысында дәл осы маман біздің жігіттерге жетекшілік етеді.

Спорт • 04 Ақпан, 2026

Жарыс күнделігі

Еліміздің танымал еркін күрес шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенкелді АҚШ-тың RAF (Real American Freestyle) лигасынан шақырту алды. Былтыр ғана іргетасы қаланған ұйым қысқа мерзім аралығында аса зор бедел жинап үлгерді. RAF-тың мұрындық болуымен өтетін коммерциялық жарыстарда балуандардан бөлек, аралас жекпе-жек шеберлері де айқасады. Солардың арасында атағы алысқа жайылған арландар да аз емес. Алаш жұрты үміт артқан Асылжан алдағы екі-үш айда осы лигада күш сынасуды жоспарлап отыр.

Теннис • 03 Ақпан, 2026

Елена Рыбакинаның толайым табысы

Екі аптаға жуық уақыт бойы төрткүл дүние жанкүйерлері тамсана тамашалаған Аустра­лияның ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Еліміз үшін осы дүбірлі дода сәтті аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Себебі Мельбурнде Елена Рыбакина бас жүлдені олжаласа, Анна Данилина финалда ғана ұтылды. Ал Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға дейін жетті.

Спорт • 03 Ақпан, 2026

Жарыс күнделігі

Ресейдің Красноярск қаласында Иван Ярыгин мемориалы аяқталды. Бірінші болып бозкілемге шыққан еліміздің еркін күрес шеберлері тегіс ұтылды. Бұрымдылар бәсекесінде Лаура Әлмағанбетова (52 кг) финалға дейін жетіп, жергілікті спортшы Александра Скиренкоға жол берді. Виктория Хусаинованың (59 кг) да шешуші тұста Ресей өкілі Светлана Липатоваға әлі жетпеді. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Жәмилә Бақбергенова (72 кг) алтыннан алқа тақты. Финалда ол моңғолиялық Болртунгалаг Зоригті жеңді.

Спорт • 31 Қаңтар, 2026

Жарыс күнделігі

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып ресми түрде Талғат Байсуфинов тағайындалды.

Футбол • 30 Қаңтар, 2026

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Еліміздің премьер-лигасындағы командалар маусымаралық үзілісті барынша тиімді пайдаланып, құрамдарын күшейтуге кірісті. Селекциялық жұмыста, әсіресе, ел чемпионы «Қайрат» пен биік мақсаттарды көздеген «Ақтөбе» клубы ерекше белсенділік танытып отыр.

Спорт • 30 Қаңтар, 2026

Азия атлеттері жарысады

6–8 ақпан аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында жабық ғимараттағы ХІІ Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Дүбірлі додада еліміздің туы астында 25 спортшы өнер көрсетеді.

Яндекс.Метрика