Taza.kz
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
4072 материал табылды

Теннис • 13 Қаңтар, 2026

Бублик ТОП-10-дықта

Гонконгта АТР 250 турнирі аяқталды. Бұл жарыста еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик табысты өнер көрсетіп, өз жанкүйерлерін тағы бір қуантты.

Футбол • 12 Қаңтар, 2026

«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

«Астана» ФК биылғы маусымдағы өздерінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл күндері олар елордада даярланып жатыр. Жиын 28 қаңтарға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 10 Қаңтар, 2026

Өткен жылы ең көп табыс тапқан шахматшылар белгілі болды

2025 жылы қаржылай тұрғыдан ең көп табыс тапқан шахматшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 10 Қаңтар, 2026

«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді

БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Әбу-Дабиде Әзербайжанның «Нефтчиімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спорт • 10 Қаңтар, 2026

Жарыс күнделігі

27 жастағы белгілі боксшы Бекзат Нұрдәулетов былғары қолғабын шегеге ілгенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл азаматтың ел спортына сіңірген еңбегі ерен. Ол 2019 жылы әлем, 2024 жылы Азия чемпионы атанды, 2016 жылы жастардың әлем біріншілігінде қола медальды мойнына ілді. Басқа да халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Күні кеше Бекзат Маңғыстау облысындағы бокс­тан мамандандырылған олимпиадалық резвервтегі мектеп-интернаттың директоры болып тағайындалды.

Теннис • 10 Қаңтар, 2026

Брисбендегі бәсеке

Бұл күндері Аустралияның Брисбен қаласында жүлде қоры 1 691 602 долларды құрайтын WTA 500 турнирі өтіп жатыр. Аталған додаға әлемнің бірқатар мықты теннисшілері қатысуда.

Сұхбат • 09 Қаңтар, 2026

Ислам БАЙРАМУКОВ: Олимпиада жүлдесі бейнетпен келді

Танымал еркін күрес шебері Ислам Байрамуковтың бозкілемде атой салған кезі күні кешегідей көз алдымызда. 10 жылдан аса уақыт бойы 90, 96 кг салмақ дәрежелерінде күресіп, елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмеген жампоз халықаралық аренада да елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль олжалады. Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Орталық Азия, Шығыс Азия ойындарында бас жүлдені қанжығасына байлады. Қарашай жігітінің спорттық мансабындағы ең зор табысы – Олимпия ойындарының күміс медалі. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған дүбірлі додада небір апайтөстерді жолынан ығыстырған Ислам финалда ғана осалдық танытты. Балуанның ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды. Қазіргі кейіпкеріміз Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжін басқарады.

Спорт • 09 Қаңтар, 2026

Жарыс күнделігі

Алматының «Қайрат» футбол клубы БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда құрамында тек Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев жоқ. Олар жарақаттарын емдеп жүр. Жерлестеріміз Парсы шығанағында екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 9 қаңтарда Әзербайжанның «Нефтчиімен», 14 қаңтар-да Хорватияның «Вараждинасымен» шебер-лік байқасады. Жалпы, биыл «Қайраттың» алдында екі үлкен мақсат тұр. Біріншісі, былтырғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында жеңіп алған чемпиондық атағын биыл да сәтті қорғау. Екіншіден, УЕФА Чемпиондар лигасында мүмкіндігінше мол ұпай жинауға тырысу. Әзірге Рафаэль Уразбахтин баптайтын команда алты ойын­нан кейін бір ғана ұпайға иелік етті. Осы жарыс аясында «Қайрат» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюггесін» қабылдаса, 28 қаңтарда Лондонға сапар шегіп, жерігілікті «Арсеналмен» күш сынасады. 

Олимпиада • 09 Қаңтар, 2026

Әзірге 23 жолдама бар

Италияның Милан, Кортина д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпия ойындарының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Доданың дүбірі естілген сайын жанкүйерлерден де маза кетті. Дәп қазір оларды «Қоржынымызда қанша жолдама бар?» деген сауалдың толғандыратыны анық.

Шахмат • 09 Қаңтар, 2026

Бибісара «Үміткерлер турниріне» қатысады

Өткен жылдың соңында танымал шахматшы Бибісара Асаубаеваның блицтен Қатар астанасы – Дохада үш дүркін әлем чемпионы атанғаны белгілі. Осы тарихи жеңіс қазақ қызының беделін өсіріп, абыройын арттырды.

Яндекс.Метрика