Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
638 материал табылды

Қылмыс • 07 Қаңтар, 2026

Қоңырауға сақ болған жөн

«Поштамен сізге зат келіп тұр, SIM карта мерзімі өтіп тұр, емханаға тіркелу қажет, су-жарық жүйесіндегі қарызды төлеу, счетчиктерін ауыстыру қажет», деп қоңырау шалатын алаяқтар күннен-күнге айласын іске асырып жүр. Мұндай жалған қоңырауға алданып қалатын тұрғындар саны да азаймай тұр. Ішкі істер министрлігі 85 млн-нан аса алаяқтық қоңыраудың жолы кесілгенін мәлімдеді.

Саясат • 06 Қаңтар, 2026

Маңызды мәселелер пысықталды

Сенат депутаттарының өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Ауыл-аймақ халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар өңірлердің басты мәселелеріне мән берді.

Саясат • 01 Қаңтар, 2026

Еліміз «ЕАЭО+» серіктестігін кеңейтпек

Осы жылы еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Қазір одақ елдері арасында мәселе көп. Қазақстан тізгінді алған соң, алдымен шекарадағы жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегін жоюы қажет. Сондай-ақ ортақ игі істерге негізделген бастамаларды алға тартуы керек. Одақ елдері үшін қандай салалар басым болады? Жалпы, еліміздің төрағалығынан әлем не күтеді?

Сұхбат • 30 Желтоқсан, 2025

Жұмабек ЖАНЫҚҰЛОВ: Еңбек адамы әрқашан бағалы

Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылында еңбек адамының, жалпы жұмысшы маман иелерінің беделі артты. Қазір еңбекті қадірлеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, жұмысшы жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Үкімет «Жұмысшы мамандықтары жылы» енді ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы зор бастама болатынын да мәлімдеді. Осы орайда еңбек нарығы қалай өзгеріп жатыр, еңбек адамы, әсіресе, бизнесте қалай бағаланатыны, еңбек мәдениетін нығайтуда қандай қадамдар жасалып жатқанын білу мақсатымен «Paryz» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұловпен әңгімелескен едік.

Туризм • 30 Желтоқсан, 2025

Ұлттық жоспар ауқымды болуға тиіс

Катонқарағай кейінгі жылдары шетелдіктерге кеңінен таныла бастады. Мәселен, 2023 жылы аудан «Top 100 Green Destinations» тізіміне енді. Биыл «Euronews» арнасы арнайы сюжет әзірлеп, көрсетті. Катонқарағайға блогерлер жиі ат басын бұрып, контент түсіріп те жүр. Әлем назары Алтайға бет бұрғандай...

Әскер • 29 Желтоқсан, 2025

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы үміт пен ізгі ниетке толы ерекше кезең Жаңа жылда сарбаздардың ғажайыпқа деген сенімін оятып, шынайы тілектерін орындады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025

Ұлттық ұланда Бауыржан есімді 249 әскери қызметші бар

Биыл аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Қазір Ұлттық ұлан қатарында Бауыржан есімді 249 әскери қызметші Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бұл есім еліміздің тарихында да, әскери дәстүрде де ерліктің, ар-намыстың, сондай-ақ Отанға қалтқысыз қызмет етудің нышанына айналған.

Айбын • 25 Желтоқсан, 2025

Ұлттық ұлан таланттары

Сарбаз – әскери форма киген, саптағы жауынгер. Ал Ұлттық ұланның сарбазы – мұнымен қоса асқақ арманы, қайсар мінезі бар, Отанға деген сүйіспеншілігін іспен көрсетуге тырысатын қабілет иесі.

Партия • 25 Желтоқсан, 2025

Дәйекті реформаға сенім зор

Еліміз бір палаталы Парламентке көшкен жағдайда депутаттар партиялық тізім бойынша сайланған жөн деп есептейді сарапшылар. Өйткені бұл жүйе кішігірім елдерде немесе унитарлы мемлекеттерде жиі кездеседі. Ал халықтың елдегі саяси партияларға деген көзқарасы мен сенімі қандай? Жалпы партияларды біле ме? Еуразиялық интеграция институтының жүргізген зерттеуіне сәйкес, ел тұрғындарының басым бөлігі «Amanat» партиясын атаған.

Сенат • 23 Желтоқсан, 2025

Цифрлық және Құрылыс кодекстері қаралады

Сенаторлар 25 желтоқсан күні еліміздің цифрлық кеңістігін қорғауды арттырып, технологиялық тәуелсіздікті нығайта түсетін заңдарды қарайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бюро отырысында мәлімдеді.

Яндекс.Метрика