Taza.kz
Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
302 материал табылды

Қоғам • 21 Қараша, 2025

Әзербайжан Орталық Азияның әлеуетін арттырады

Жақында Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының жетінші консуль­та­тив­тік кездесуі өтті. Аталған жиында Әзербайжан Республикасының Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуінің толыққанды қатысушысы ретін­де шешім қабылданды. Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан президенттері бұл шешімді тарихи сәт деп атап, Оңтүстік Кавказ елін ресми түрде қатарына қосты. Сарапшылардың айтуынша, Баку бұл форматқа жаңа серпін береді, екі стратегиялық маңызды аймақ арасындағы сау­да, инвестиция, мәдени байланыстардың ауқымы кеңейіп, одан әрі дами түседі.

Саясат • 20 Қараша, 2025

Өңірді өркендетудегі ілкімді істер

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында өңірдің әлеуметтік-экономикалық жай-күйін баяндады. Биыл өңір инвестиция тартуға күш салған. Облыс басшысының айтуынша, өзге салаларда да өсім байқалады.

Басылым • 19 Қараша, 2025

Қазақстанның дербес ұстанымы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапарын әлемдік БАҚ жарыса жазды. АҚШ, Батыс медиа кеңістігінің бірқатары еліміз бен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз ете отырып, Қытайды да кірістіріп өтеді. Сондай-ақ сирек металдар мен атом энергетикасына қатысты келісімдерге басымдық береді. Орыс, түрік, қытай, өзбек басылымдары екі ел арасындағы көршілік қатынас, экономикалық байланыстарға баса тоқталады. Десе де, барлығы да екі ел басшысы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық орнатумен қатар, олардың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түсті деп қорытындылайды.

Саясат • 15 Қараша, 2025

Оқыған озады

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде елімізде ұстаз, дәрігер, инженер секілді білімді мамандар сауда-саттыққа кеткенін білеміз. Халықтың көбі қара жұмысқа жегілді. Оның салдарын әлі күнге дейін тартып келеміз, аталған салаларда, жалпы елде білікті кадрлар жетіспейді. Ал қазір экономика тұрақталып, цифрлық дәуірге қадам басқан кезде оқу-тоқуға мүмкіндік көп. Тіпті ел басқару ісіне де араласуға кедергі жоқ.

Саясат • 15 Қараша, 2025

Парламентаралық ассамблея жиынына қатысты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақ­стан Парламентінің депу­тат­тары Тәжік­стан астанасы Душан­бе қала­сында өткен Пар­ла­мент­аралық ассамб­лея­­сы­ның оты­рысына қа­тыс­­ты. Сапар аясын­да пар­­­ламенттік делега­ция Тә­жік­стан Прези­денті Эмо­мали Рахмон­мен кездес­ті. Сон­дай-ақ Сенат төр­ағасы Парламент­аралық ассамб­лея алаңында ТМД ПА-ға қатысушы елдер­дің Парламент­тері пала­та­лары­ның басшыларымен екі­жақты кездесулер өткізді.

Үкімет • 14 Қараша, 2025

ТМД елдерімен байланыс артады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, депутаттар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялады.

Айбын • 13 Қараша, 2025

Көп іске сеп цифрлық шешімдер

Еліміздің қорғаныс саласы цифрлық жобаларды арттырмақ. Осыған орай әскерді басқару, шақыру, даярлау мен оқыту үдерісі өзгереді.

Заң мен Тәртіп • 12 Қараша, 2025

Жалған ақпарат жарға жығады

Әлеуметтік желілер ақпарат тарата бастағалы оның дұрыс-бұрысын ажырату қиынға түсті. Оның үстіне жалған ақпаратқа сендіру мақсатында фактілер қасақана бұрмаланып келтіріледі. Соның салдарынан қоғамның фейк жетегінде кетіп, дүрлігуі жиілеп кетті. Өйткені цифрлық жүйелер көбіне жағымсыз жаңалыққа басымдық береді. Біз қалай «ақпараттық иірімге» түсіп қаламыз? Осы орайда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүргізген деректер негізінде жалған ақпараттардың қалай таралатынын сараптап көрдік.

Басылым • 08 Қараша, 2025

Басқа басылымдардан: C5+1 саммитінің сыры неде?

АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонда C5+1 саммиті аясында Орталық Азияның бес елінің басшыларымен кездесті.

Әлем • 07 Қараша, 2025

Дүниежүзі Түркі тілдері күні белгіленді

15 желтоқсан «Дүниежүзі Түркі тілдері күні» (World Turkic Language Family Day) деп жарияланды. Мұндай шешім Өзбекстанда өткен Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) ХХХХІІІ Бас конференциясында қабылданды.

Яндекс.Метрика