Ата заң • 02 Наурыз, 2026
«Қазцинк» ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстан үшін халық Конституциясы» Ұлттық коалициясының мүшелері мен кәсіпорынның еңбек ұжымы кездесті. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, сондай-ақ кәсіпорын мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Партияаралық дебат өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Ертең сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – өткеннің қорытындысы ғана емес, ел дамуының жаңа дәуірін айқындайтын құжат. Адам құқықтарын күшейту, дәстүрлі құндылықтарды қорғау, зайырлы мемлекетті нақты бекіту, экология мен әйелдер құқығына басымдық беру – жаңа Ата заңда көрініс тапты. Ол билік мүддесінен бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын алдыңғы орынға шығарады. Жалпыұлттық коалицияның Ақтөбе жұртшылығымен кездесуінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Алматыда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Ақпан, 2026
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Енді Қазақстанның Кениядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Барлыбай Садықов Қазақстанның Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады. Тиісті жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының білім және ғылым саласында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған саланың, соның ішінде оның қаржыландыру аспектілерінің сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Ақорда резиденциясында өткен марапаттау рәсімінде Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке үміткерлер іріктеледі. Іріктеу 10 сәуірге дейін жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Оған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналғандарға Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.