Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1670 материал табылды

Қоғам • 13 Қараша, 2024

Қазақ даласындағы ежелгі өркениет іздері

Қазақ даласы ежелгі мәдениеттің ошағы екенін археологтер дәлелдеп келеді. Атақты археологтер жас шәкірттерімен бірге жаз маусымында күнге күйіп, жауында қалып, кейбір салқын күндері дірдектеп тоңып жүріп, ежелгі мәдениеттің артефактілерін тауып, жер тарихы, ел тарихы туралы адамдардың білігін алға жылжытады.

Құқық • 12 Қараша, 2024

Жазаланғандардың да құқы қорғалуы керек

Жуырда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Жанат Жұмабаев өз жұмыстары жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.

Денсаулық • 12 Қараша, 2024

Жұқпалы аурудың алдын алған жөн

Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қарағанда, бүгінде облыста ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) бойын­ша сырқаттанудың эпидемиологиялық жағдайы нашарлап, ауа райының күрт сууына байланысты ауру өрши түскен.

Қоғам • 09 Қараша, 2024

Тағы гран-при әкелді

Петропавлдың «Sensitive» би ансамблі Мәскеуде өткен «Inclusive Dance» халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, бас бәйгесін жеңіп алды. Сонымен бірге 700-ден астам қаты­су­шы арасынан төрт аталым бойынша да бірінші орыннан кө­рінді.

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

«Қарашада қара үй тұр, қарайлай жүр артыңа» деп Жәнібек Кәрменов сақтан­дырғандай, міне, қарашаның қара суығымен Қызылжарға бір-ақ күнде қар төпелей жауып, қыс түсе қалды. Кеше ғана тұрған салқын күз сабырсыз қысқа айна­лып шыға келді.

Жәдігер • 02 Қараша, 2024

Мақының сандығы

Мақы (Әбілмақы) Уәлиханов – қазақтың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі. Ол Шоқан Уәлихановтан он жас кіші. Ағасы оның сурет салуға, қағаз шимайлауға, ағаштан ойыншық, мүлік жасауға икемі барын ерте аңғарған. Кейбіреулердің айтуына қара­ғанда, Мақы жасында сүзекпен ауырып, есту, сөйлеу қабілетінен айырылып, мылқау болып қалады.

Төтенше жағдай • 31 Қазан, 2024

Тоғыз айда 28 адам опат болды

Биылғы тоғыз айда түрлі өрттен Солтүстік Қазақстан облысында 23 адам қайтыс болды, 5 адам газға тұншығып қаза тапты. 28 тағдырдың сыртында бала-шағасы, ата-анасы тұрғанын ескерсек, бұл оқиғалар жүздеген адамға қайғы құштырып кетті. Миллиондаған теңгенің материалдық шығындарын әкелді. Оның үстіне 35 адам өрттен қатты жарақат алды.

Өндіріс • 30 Қазан, 2024

Ағаш өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды

Республика күні қарсаңында Петропавл қаласында ағашты терең өңдейтін зауыт іске қосылды. Жоба құны – 8 млрд теңге. «Nord Panels» ЖШС ескі ғимаратты бір жарым жыл ішінде жөндеп, Финляндия, Жапония және Тайваннан құрал-жабдық жеткізген. Компания директоры Оғузхан Челиктің айтуынша, енді мұнда сапалы фанер шығарылып, алыс шетелдерге экспортталады.

Аймақтар • 29 Қазан, 2024

Шаттық сыйлаған жатақхана

Солтүстікқазақстандық М.Қозыбаев университеті студенттері 1 200 адамға шақталған жаңа жатақханаға қол жеткізіп, қуанып қалды. Мұнда студенттер ғана емес, отбасылары шағын құрамдағы жас ұстаздар да тұрады.

Есірткі • 16 Қазан, 2024

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында есірткіге қарсы күрестің маңызына тоқталып: «Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады», деді.

Яндекс.Метрика