Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3871 материал табылды

Қоғам • 31 Шілде, 2025

Жүйелі қолдау нәтижесі

2019 жылдан бері Астана қаласы әкімдігі жанында еліміздегі алғашқы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс жасап келеді. Байыпты құрылым өзге өңірлерде осындай үлгіні одан әрі тарату үшін модельдік алаңға айналды. Орталық тәжірибесінің арқасында еліміз көлемінде отбасын қолдайтын осындай 116 мекеме ашылды.

Отбасы • 31 Шілде, 2025

Дәстүрдің алтын қазығы

Ұлы даланың Анақарыстан Абайға дейінгі даналарын ақ бесікте тербетіп, кіршік­сіз мейіріміне шомылдырған парасатты аналарымыз бен әжелеріміздің таби­ғатпен, тарихпен үйлескен тәлім-тәрбиесіне тең келер дүние жоқ. Мұны әже бауырында еркелеп өскен әрбір азамат жақсы біледі.

Тұлға • 31 Шілде, 2025

Ғалымдығы мен азаматтығы тең тұлға

Раушанбек Әбсаттаров – айтулы қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-саясаттанушы, әлеуметтанушы, академик. 40 шақты монография, кітап, оқу құралын және 600-ден астам ғылыми мақала жариялаған, есімі елімізде ғана емес, шет­елдерге де белгілі ғалым.

Қоғам • 31 Шілде, 2025

Ұлттың жаңа болмысы: Бірегейліктің бүгінгі бейнесі мен болашағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері жүргізіп келе жатқан саясаты терең әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерге негіз болды. Барлық салада қайта қалпына келтіру, санаға өзгеріс енгізу арқылы жаңа саяси шынайылық қалыптасты. Солардың басында ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы бастамасын айтуға болады.

Тұлға • 31 Шілде, 2025

Тұла бойы тұнған күй

Бұл – 2002 жылғы 20 желтоқсанда болған оқиға. Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайда шертпе күйдің сұңғыласы атанған Сүгір Әліұлының туғанына 120 жыл толуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Міне, осы сапарға шалғайдағы Созақ ауданынан Ергентай Борсабаев шақырылады. Конференциядан соң, яғни 21 желтоқсан күні Қазақ радиосының «Күй құдіреті» бағдарламасын жүргізетін белгілі композитор, күйші Қалқаман Жүнісбекұлы теріскейден ат терлетіп келген Ергентайдан сұхбат алады. Ерекең сұхбат бере отырып, Ықыластың үш күйін, Сүгірдің сегіз күйін таспаға жаздыртады.

Спорт • 30 Шілде, 2025

«Самұрық-Қазына» қолдауымен алғаш рет Астанада жүзуден Әлем кубогі өтеді

Қазақстан су спорты саласындағы ірі жетістікке қол жеткізді – жүзуден Silk Road-2026 Әлем кубогінің финалдық кезеңі алғаш рет елімізде өтеді. Дүбірлі доданы бас қала – Астана қабылдайды. Бұл туралы Сингапурде өткен World Aquatics конгресінде белгілі болды. Биыл су спорты түрлерінен World Aquatics Championships 2025 чемпионаты Азияның осы елінде өтіп жатыр. Оған 200 елден 1000-нан астам спортшы қатысып, оның ішінде отандастарымыз да бақ сынауда. 

Аймақтар • 30 Шілде, 2025

Газ құбырының құрылысы жедел жүріп жатыр

«Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ құбырын салу бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бүгінде құбырдың магистралдық бөлігі толық­тай аяқталды. Технологиялық құбырлар мен жабдықтарға беріктік пен герметикалық төзімділігіне қатысты гидра­вли­калық сынақтар сәтті жүргізілді.

Саясат • 30 Шілде, 2025

Берері мол бірлескен жобалар

Түркияның Анкара қаласында ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іскерлік топ өкілдерімен кездесу өткізді.

Президент • 30 Шілде, 2025

Қазақстан – Түркия: Сенім мен ықпалдастықтың байсалды белесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Рес­пуб­ликасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Пре­зи­денті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне зиярат етуден басталды. Қазақстан Пре­зиденті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая бере­тініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілек­тестігін жеткізді. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Зерде • 29 Шілде, 2025

«Полк баласы»

1969 жыл. ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен сол бір күз әлі көз алдымда. Сонда біздің курсымызда қарағандылық қыз-жігіттердің қарасы өте көп болды. Олар Әбусаттар Тұрғанбеков, Аманжол Қанафин, Жүрсін Ерманов, Тілеуғабыл Байтұрсынов, Самат Жүнісов, Сәулебек Жәмкенов, Клара Хамзина еді. Ойлап отырып таңғаламын, сол кездегі республика астанасындағы басқа ұлттың басымдығынан ба, жоқ әлде бұрыннан қанымызда бар қазақы қасиетімізден бе, әйтеуір алғаш танысқаннан бастап-ақ бәріміз бір-бірімізді жатырқамай өте ұйымшыл, ынтымақшыл болып кеттік. Жоғарыдағы жандардың көбі әскерге барып, одан қалса өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істеп келіп оқуға түскен азаматтар-тын. Сондықтан олардың университетке мектеп қабырғасынан кейін бірден топ ете түскен біз секілді 12 оқушыға үйретері аз болған жоқ.

Яндекс.Метрика