Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3871 материал табылды

Көрме • 03 Қазан, 2025

Суретшінің мерейтойлық көрмесі ашылды

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев танымал суретші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерболат Төлепбайдың көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, арнайы сөз сөйледі. Ұлттық музейде таныстырылған көрме қылқалам шеберінің мерейтойына және шығармашылығының 50 жылдығына арналып отыр.

Келешек мектептері • 03 Қазан, 2025

Қайтарылған қаражат есебінен мектеп салынды

Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицей салтанатты түрде ашылды.

Президент • 02 Қазан, 2025

Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымының қоғамдық жауапкершілігі мен беделін ерекше атап өтті.

Архив • 02 Қазан, 2025

Ұлт зиялыларына қатысты тың деректер

«Архив-2025» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өңірлік мемлекеттік архив басшылығы ғылыми іздестіру экспедициясын ұйымдастырды. Орынбор облысының мемлекеттік архивінде, Башқұртстанның Ұлттық архивінде зерттеу жұмысы жүргізілген.

Ғалам ғажаптары • 02 Қазан, 2025

Жаңбыр иісі

Жаңбырдан кейін ауада ерекше иіс сезіледі. Ғылымда бұл құбылыс «петрикор» деп аталады. Оны 1960 жылдары аустралиялық ғалымдар анықтап, атау берген.

Ғалам ғажаптары • 02 Қазан, 2025

Аурора

Поляр шұғыласы – атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ерекше жарық құбылысы. Ол негізінен жердің магнит өрісі мен күннен тарайтын зарядталған бөлшектердің әрекеттесуінен туын­дайды.

Ғалам ғажаптары • 02 Қазан, 2025

Уақыт құпиясы

Уақыттың кейде жылдам, кейде баяу өтетіндігі – бәрімізге қызық құбылыс.

Саясат • 01 Қазан, 2025

«Google»-мен ынтымақтастықтың берері мол

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік сая­сат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша «Google» компаниясының өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесу өткізді.

Қоғам • 01 Қазан, 2025

Әдемі қартаю – абырой

Қарттық қай жастан басталады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2002 жылғы қабылданған «Белсенді қарттық: саясаттың негізі» құжатындағы мәліметтерге сәйкес, қарттық 60 жастан басталады, оның өзінің кезеңдері бар.

Тағзым • 01 Қазан, 2025

Мырза төре тағылымы

Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысы Жетісай ауданы Ақниет ауылындағы аллеяға мәрмәрдан ескерткіш қойылған. Аудан жұртшылығы соңғы уақытта осы алаңқайда елдік мәдени-тағылымды шаралар өткізіп жүр. Таяуда осы жерде Түркістан тәуелсіздігі үшін күрескен есіл ер, Алаш қозғалысы мен «Жас бұхаралықтар» қозғалысының қайраткері, 1920 жылдары 400 мыңға жуық қазақ тұрған тарихи Бұхара республикасында үкімет мүшесі болған тұлға, 1924–1925 жылдары Орталық Азия республикаларының шекарасын айқындау комиссиясы мүшелерінің бірі Мырза Наурызбайұлының туғанына 125 жыл толуына арналған мәдени-ғылыми іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған Алматы мен Астанадан келген зиялы қауым өкілдері, қайраткер М.Наурызбайұлының ұрпақтары, аудан жұртшылығы қатысты.

Яндекс.Метрика