Тағзым • 07 Қыркүйек, 2024
Көзі ашық қазаққа Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанды таныстырып жату артық.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Еліміздің алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына бағытталған Жолдауда алдағы жылдарға арналған дамудың 9 негізгі стратегиялық бағыты белгіленіп, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер қойылды.
Тәрбие • 07 Қыркүйек, 2024
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Қай елде болсын, қай заманда болсын ел болашағы жастардың қолында екені анық.
Саясат • 07 Қыркүйек, 2024
Ынтымақтастықтың келешегі мен жаңа бағыттары Белградта (Сербия), сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысында талқыланды. Қазақстан тарапын Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом энергиясын дамыту маңызына тоқталып, атом электр стансасын салу шешімін бұқара халықтың талқысына ұсынатынын мәлім етті. Бұл әрине, әділетті шешім. Сала маманы және жетекшінің бірі ретінде АЭС-тің басқа энергия көздерінен (cу, көмір, газ, жел, күн) артықшылығына аз-кем тоқталғым келді.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2024
Тапшылықты еңсерудің басты амалы
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы атом электр стансасын салуға қатысты пікірі бәрімізді бейжай қалдырған жоқ. Осы мәселе туралы қоғамда алуан түрлі ой бар, дегенмен халықтың дені жағдайды жақсы біліп, бейбіт атомды ел игілігіне пайдалануға қарсы емес. Мұны қоғамның бел ортасында жүрген соң айтып отырмыз.
Аңдатпа • 06 Қыркүйек, 2024
7 қыркүйек - Музыкалық жас көрермен театрында Қ.Мұраттың «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады. Режиссері – А.Ғұмаров.
Технология • 06 Қыркүйек, 2024
Жақында Нью-Йорктегі «Synchron» компаниясы стартап жобасын «Apple» компаниясының «Vision Pro» гарнитурасымен біріктіргенін хабарлады. Енді физикалық қозғалысы шектеулі адамдар құрылғыны өз ойлары арқылы басқара алады.
Тұлға • 06 Қыркүйек, 2024
Алаш сарбазы – алғашқы геолог-мұнайшы
«Әділет» тарихи-ағарту қоғамының байырғы мүшесі, Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Нәзір Абдулқадырұлы Әзірбаев қоғам ісіне отыз бес жыл бойы белсене атсалысып келеді. Ол қуғын-сүргінге ұшыраған алғашқы қазақ инженерлерінің, мұнайшы геологтардың есімдерін жаңғыртуда үлкен шаруа атқарды.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
NU – инновация көшбасшысы: Президент Жолдауы орындалып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы сәуір айында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте «Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады. Ғылымсыз ел құрдымға кетеді. Ал ғылымы озық ел кез келген дағдарысты еңсере алады. Ғылым өркендесе, экономика да өркендейді. Яғни халықтың әл-ауқаты артады», деп айтқан еді. Бұл Nazarbayev University-дің де ұстанымын білдіреді. Біздің университет – бүгінде еліміздегі жетекші оқу орындарының біріне айналып қана қоймай, енді сапалы біліммен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша да жоғары стандарттарға қол жеткізуді діттеп отыр.