Әлем • 27 Маусым, 2019
Биылғы 9 маусымда елімізде және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріндегі 65 сайлау учаскесінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Қазақстан халқының 77%-ы қатысқан сайлауда Nur Otan партиясы ұсынған үміткер Қ.Тоқаев 70,96 пайыз дауыс басымдығымен жеңіске жетті.
Руханият • 27 Маусым, 2019
Әдебиет әлемінде шығармашылығын ақындық жолдан бастап, кейіннен жазушылыққа ойысқан немесе жазушылықтан ақындыққа бет бұрған қаламгерлер аз емес. Мысалы, орыс поэзиясының пірі Пушкин жазған «Капитан қызы» ақынның жазушылық шеберлігін танытса, поэзия мен проза жұптасқан мұндай мысалдар біздің көркем әдебиетте де аз кездеспейді.
Президент • 26 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет 100 мың азаматтың несиесін өтеп береді
Мемлекет 100 мың азаматтың несиесін өтеп береді. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Арыста көз жұмған үшінші адамның артында әйелі мен баласы қалды
Арыстағы жарылыстан қаза тапқан үшінші адам 32 жастағы әскери қызметкер болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Тағайындау • 26 Маусым, 2019
Мұхтар Аюбаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Мұхтар Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 26 Маусым, 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының үш орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 26 Маусым, 2019
Мәжіліс шекара маңында тұратын қазақстандықтар үшін маңызды құжатты мақұлдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 26 Маусым, 2019
Абай туралы тың деректер легі тағы да толықты
Семейде Абай туралы естеліктері бар ескі кітаптар мен мақалалардың көшірмесі таныстырылды. Олардың барлығы да татар тілінде екен. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері Қазан қаласына сапарлары кезінде ала келіпті. Н.И. Лобачавский атындағы Қазан мемлекеттік университетінің архивінен ақын шығармашылығына байланысты көптеген құнды дүниелер табылған.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Семейліктер Арыс тұрғындарына көмек қолын созды
Арыс қаласындағы орын алған жағдайға орай Семейде де гумнитарлық көмек көрсетуге арналған пункт ашылды. Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттардың тізімінде, гигиеналық заттар, консервілер, дәнді дақылдар мен макарон, су, балаларға арналған киімдер, көрпе және көрпешелер өткізуге болатынын Семейдегі Жақия Шәйжүнісов көшесі, 138 үйде орналасқан «Нұр Отан» партиясы филиалының көмекшілері хабарлайды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Семейліктер республикалық «Айбын-2019» жеңімпаздарын қарсы алды
Семей қаласының Орталық теміржол вокзалында V-інші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында бірінші орынды иеленген «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» әскери-патриоттық клубы мүшелерін салтанатты түрде күтіп алды. Әкери-патриоттық жиын Қазақстан Қарулы Күштерінің және басқа да әскери құрылымдарды арасында өткен болатын.