Қоғам • 23 Тамыз, 2019
Қорғаныс министрлігі альпинистерді іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады
Әскери альпинистер тобы тамыздың 19-22 аралығында Тянь-Шань жотасының Жеңіс шыңы ауданында өткізілген іздестіру-құтқару операциясынан оралды. Операция жетекшісі аға лейтенант Василий Пивцов, капитан Мақсұт Жұмаев пен майор Аманжол Рахметов 15 тамызда жоғалып кеткен Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет
24-26 тамыз аралығында республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Еліміздің барлық аймақтарында қоршаған ортаның радиологиялық мониторингі жүргізілді
Халықтың қоғамдық денсаулығын радиациялық факторлардан қорғау мақсатында Ұлттық сараптама орталығының радиологиялық зертханалары күн сайын қоршаған ортадағы гамма сәулелену дозасының қуаттылығына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ДСМ ҰСО Баспасөз-қызметі хабарлады.
Әлем • 23 Тамыз, 2019
Норвег зерттеушілері Қазақстандағы бизнес ахуалын саралады
Норвегиялық сарапшылардың тобы жуырда толығымен Қазақстанға арналған «International Business» баяндамасын әзірледі. Жоба бір жыл бойы жүргізілді және оған Норвегиялық ғылым және технология университеті, Норвегиялық экономика мектебі және BI Norwegian Business School қатысты. «Innovation Norway» мемлекеттік корпорациясы демеу көрсетті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 23 Тамыз, 2019
Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Президент • 23 Тамыз, 2019
Президент Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 23 Тамыз, 2019
Үкімет басшысы Ақтөбеде тұрғын үй құрылысымен танысты
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Шымкентте Ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңадан басшы тағайындалды. Бұл қызметті Жанар Бектаева атқаратын болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Қазақстан-неміс әріптестігі: инвестицияға екпін
Сыртқы саяси ведомство басшысының Берлинге сапары қорытындысы бойынша неміс инвесторлары Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, Қазақстан-неміс инвестициялық ынтымақтастығын арттыру бойынша Жол картасын әзірлеуге, сондай-ақ бірлескен стратегиялық жобалардың тізбесін жасауға келісті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 23 Тамыз, 2019
Қазақстанда фармацевтика саласы өнімдерінің өндіріс көлемі өсуде
2010 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде фармацевтика саласындағы өнім өндірісінің көлемі 4 есе, 19,9 млрд теңгеден 78,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында фармацевтикалық саланың 168 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 154 ұсақ кәсіпорындар бар, оларда 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.