Үкімет • 19 Сәуір, 2024
Еуроодақ елдерінің тәжірибесі сараланды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Қазақстан–Еуроодақ» диалог платформасының 14-отырысы өтті. Отырысқа Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ бірқатар еуропалық компаниялардың топ-менеджерлері қатысты.
Саясат • 19 Сәуір, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы Саха Республикасы күндерінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға сапармен келген Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевпен кездесті.
Саясат • 18 Сәуір, 2024
Қазақ-қырғыз зиялыларының алқалы жиыны
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Астана қаласында ұйымдастырылған Қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты.
Сатира • 18 Сәуір, 2024
Маған бүгінгі күн ғажап күн болып, бір хабарды естіп, «Әп бәрекелді, осы күнге жеткізгеніңе құлдық!» деп қуанғанымды жасыра алмаймын...
Сенат • 18 Сәуір, 2024
Құқықтық қолдауға қатысты құжат
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығына қатысты заң талқыланды.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Орманшы еңбегін бағалау – уақыт талабы
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемеақы төлеу мәселелерін талқылады.
Сенат • 18 Сәуір, 2024
Ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастық
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд ислам зерттеулері орталығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Іс-шара барысында ғылыми зерттеу және рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Саясат • 18 Сәуір, 2024
Цифрлық құрал көп жұмысты жеңілдетеді
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді.
Үкімет • 18 Сәуір, 2024
Біржолғы өтемақы кешіктірілмей төленуге тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Азаматтарға көмек көрсету тәртібі
Табиғи су апатынан зардап шеккен азаматтардың әрбірі көмексіз қалмайтыны, шығыны түгел өтелетіні туралы бұған дейін хабарланған. Құжаты бар-жоғына қарамастан тасқын су салдарынан бүлінген барлық үй қалпына келтірілетіні немесе қайта соғылатыны мәлім болды. Жалпы, үй-жайын су шайып, мүлкі іске алғысыз болып қалған тұрғындар мемлекеттен қандай көмек ала алады?