Сенат • 06 Мамыр, 2025
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 8 мамырдағы Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Өшпес даңқ • 06 Мамыр, 2025
Фашизмге қарсы соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек аталарымызды еске алып, өнегесін жас ұрпаққа түсіндіру, насихаттау бүгінгі еңбек ардагерлерінің, аға буынның міндеті деп есептеймін. Өйткені соғыстан кейін туған біз әкелеріміздің анда-санда ғана айтатын әңгімелерін естіп өстік. Ақын Жарасқан Әбдіраш «Соғыс көрген әкелерден жаралып, соғыс көрген аналарды емгенбіз» деп жазғандай, мен де ардақты әкем туралы естелік жазуды жөн көрдім.
Өшпес даңқ • 06 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс уағында қазақ баласы қасіретті сынақтан өтіп, әлемге батырлығын әйгіледі. Сол маңдайы жарқыраған мыңдаған жауынгердің арасында әкеміз Қонақбай Назаровтың болғанын бүгінгі ұрпағы мақтан етеді.
Өшпес даңқ • 06 Мамыр, 2025
Сынаққа сынбаған соғыс балалары
Адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстағы Жеңісті атап өту – тарихи күнді еске алу ғана емес, бейбітшіліктің қадірін түсіну. Жылдар өткен сайын бұл сұрапыл соғыстың оқиғалары алыстап барады. Алайда сол дәуірде өмір сүрген адамдардың жадынан естеліктер ешқашан өшпейді.
Жансарай • 06 Мамыр, 2025
Суреті мен сөзі үйлескен санаткер
Жеңіс Кәкенұлымен Абай атындағы ҚазПИ-дің сурет-графика факультетінде оқитын Бозжан, Жарқынбек деген сыныптас достарым арқылы 80-жылдардың ортасында таныстым. Байқаймын, «худграф» студентінің оқымаған кітабы жоқ. Бір кезде сол жылдары жаңадан жарық көрген Шыңғыс Айтматовтың «Жанпида» романы туралы әңгімені бастап кеп кетті. Бұл роман туралы естігенмен әлі оқып үлгермеп едім. Кітапты оқымаған соң, Жеңісті тыңдадым. ҚазМУ-ға келе салысымен филфакта бірге оқитын қыз-жігіттерден сұрап көрсем, әлі ешқайсысы «Жанпиданы» оқи қоймапты. Артынша кітапты тауып, кезектесіп оқып шықтық қой. Соған себеп болған Жеңіс еді.
Аңдатпа • 06 Мамыр, 2025
9 мамыр - Балаларға базарлық Астана қаласындағы Қуыршақ театрында Ирина және Ян Златопольскилердің «Әкемнің хаты» ертегісі қойылады. Режиссері – Айжан Салаева.
Инвестиция • 03 Мамыр, 2025
Инвестиция қалай пайда әкеледі?
Олжас Тілеуқабылұлы, сарапшы: – Көп адам инвестицияны жай ғана табыс табудың немесе ақшаны көбейтудің тәсілі ретінде қабылдайды.
Заң мен Тәртіп • 03 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүздеген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шайқаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда прокуратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тылдағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.
Үкімет • 03 Мамыр, 2025
Экономиканы ырықтандыру міндеті
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды.
Таным • 01 Мамыр, 2025
Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен татулықта ғұмыр кешеді. Сол себепті 1996 жылдан бері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні тойланып келеді. Елдің тұрақтылығы мен тыныштығы татулықтан басталмақ. Ал татулық адам жүрегіндегі махаббаттың көрінісі.