Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика бақылау басқармасының мәліметінше, Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүріледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның меншік иесі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз салынғаны анықталды. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары авторлық және техникалық қадағалаусыз жүргізілген.
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Қазіргі уақытта нұсқама талаптарын орындау мақсатында заңсыз салынған құрылыс нысаны меншік иесінің күшімен өз еркімен бұзылды.