• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:54

Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды

Павлодар облысында үш жасар қызын өлтірген 26 жастағы ауыл тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу барысында бүлдіршіннің ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көргені анықталған. Мемлекеттік айыптаушы Елена Корневаның айтуынша, сотталушы қызының өзінен туғанына күмәнданып, оған жиі қол көтерген.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде ер адам көршісінің моншасында ішімдік ішкеннен кейін үйіне келіп, қызын соққыға жыққан. Кейін оны өзімен бірге моншаға алып барып, еденге лақтырып жіберген. Ауыр жарақат алған бүлдіршін аудандық ауруханада көз жұмды.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындаған жоқ. Оның сөзінше, қызына өзі емес, көбіне анасы қол көтерген. Сондай-ақ ол баланың өліміне абайсызда себепкер болғанын мәлімдеді.

Алайда сот ұсынылған дәлелдерді жеткілікті деп танып, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұдан бөлек, ол марқұм қыздың анасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі жарияланған сәтте сотталушының жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.

Еске салайық ,Жетісу облысы Жаркент қаласында әйел өз баласын байлап қойып, қатыгездікпен ұрған.

Ал Шымкентте сот шешімімен өз балаларын азаптаған әйелге 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар