Жаңа маусым алдында «Реал Мадрид» алғашқы трансферін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Клуб 27 жастағы Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурельяны Хаби Алонсо баптайтын лондондық «Челсиден» 60 млн еуроға сатып алды.
Футболшымен 2032 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді
Кукурелья – Испанияның «Эспаньол» мен «Барселона» академияларында тәрбиеленген ойыншы. Ол кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған.
Футболшы лондондықтар сапында 113 матч өткізіп, 6 гол соққан. 2024 жылы Еуропа чемпионы атанған. Жаңа ойыншы «Реалға» әлем біріншілігі аяқталғаннан кейін қосылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгін сағат 21:00-де H тобындағы Испания мен Кабо-Верде құрамалары кездеседі. Марк Кукурелья матчта бастапқы құрамда шығуы мүмкін.