• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2026

Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті

Астана қаласындағы Орынбор көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында Changan және Mitsubishi көліктері соқтығысып, жол апаты салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото мен бейнежазбалар тарады. 

Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады

Полиция департаментінің мәліметінше, Changan көлігінің жүргізушісі Орынбор көшесімен келе жатып, Мәңгілік Ел даңғылымен қиылыста солға бұрылған, ол бағдаршамның қосымша секциясының сигналын елемеген. Жүргізуші тыйым салынған белгіге өтіп, қарсы бағытта тіке келе жатқан Mitsubishi көлігіне жол бермей, салдарынан соқтығысқан. 

«Жол апаты салдарынан «Changan» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Екі көлік те эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына қойылды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», делінген полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты

Еске салсақ, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында қайғылы жол апаты болды. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз көз жұмды.

Өткен аптада Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар