• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2026

Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді

Әлеуметтік желілерде Астанадағы «AMANAT» партиясының орталық аппараты орналасқан ғимараттың маңдайшасы «Әділет» болып өзгергені қызу талқыланып жатыр. Қазір мұндай өзгеріс еліміздің басқа қалаларында да жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл өзгерісті көпшілік жарыса жазып жатыр. 

«Мұндай өзгеріс осыдан 20 жыл бұрын болған еді. 2006 жылдың жазында «Асар» партиясы «Отан» партиясының құрамына қосылу туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін «Нұр Отан» партиясы құрылып, араға жылдар салып оның атауы AMANAT болып өзгерді», делінген әлеуметтік желідегі жазбаларда. 

«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады

Айта кетейік, «Әділет» партиясының II Съезінде қабылданған негізгі шешімдердің бірі партияның өңірлік филиалдарын Қазақстанның барлық өңірінде құру және есептік тіркеуден өткізу, сондай-ақ «Әділет» партиясы филиалы туралы ережені бекіту болды.

Соңғы жаңалықтар