• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:43

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға сотталды

Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді әскери дрондарды Пхеньян әуе кеңістігіне жіберуге бұйрық бергені үшін кінәлі деп танып, оны 30 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Yonhap агенттігінің мәлімдеуінше, Сеул орталық аудандық соты Юн Сок Ёльді дрондардың ҚХДР әуе кеңістігін бұзуына бұйрық бергені үшін «жауға жәрдемдесу» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Соттың шешіміне сәйкес, 2024 жылдың қазан айында Юн Сок Ёль дрондардың Пхеньян үстінен ұшуын ұйымдастыруға нұсқау берген, осылайша Солтүстік Корея тарапын арандатқан.

Бұрынғы президент 30 жылға сотталды. Оның адвокаттары сот шешіміне шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Аталған іс шеңберінде бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён де 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оңтүстік Корея президенті тұтқындалды

Айта кетейік, 2024 жылғы 3 желтоқсанда сол кездегі президент Юн Сок Ёль оппозицияны «мемлекетке қарсы әрекетпен» айыптап, елде әскери жағдай енгізді. Алайда Ұлттық жиналыс бұл шешімнің күшін жоюға дауыс бергеннен кейін, ол енгізілген шаралардан бас тартуға мәжбүр болды.

2024 жылғы 14 желтоқсанда парламент оған импичмент жариялау туралы дауыс беріп, соның нәтижесінде Юн Сок Ёль қызметінен уақытша шеттетілді.

2025 жылғы 4 сәуірде Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты парламенттің өтінішін қанағаттандырып, оны қызметінен түпкілікті шеттету туралы шешімді бекітті.

Еске салайық, 2026 жылдың бастапқы тұсында Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ельге қатысты үкім шығарылып, от шешіміне сәйкес, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар