• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Бүгін, 16:55

Атырауда «Адалдық жаршысы» республикалық жабық жыр мүшәйрасы басталды

Атырау облысында «Адалдық жаршысы» республикалық жабық жыр мүшәйрасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Алтын тұғыр» қоғамдық қоры тарапынан ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраның негізгі мақсаты – қоғамда адалдық, әділдік, мемлекетшілдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 18 бен 45 жас аралығындағы жазба ақындар қатыса алады. Қатысушылар шығармаларын электронды пошта арқылы жолдайды. Мүшәйра жабық форматта өтетіндіктен, өлеңдер бүркеме атпен қабылданып, сарапшылар алқасына автордың аты-жөні көрсетілмей ұсынылады.

Байқауға ұсынылатын шығармаларда адалдық, әділдік, мемлекет мүддесіне адал қызмет ету, азаматтық жауапкершілік, ар-ождан тазалығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас тақырыптары көркемдік тұрғыда ашылуы керек.

«Мүшәйраның жүлде қоры 4 миллион 400 мың теңгені құрайды. Бас жүлде иегеріне 800 мың теңге табысталса, бірінші орынға – 700 мың теңге, екінші орын алған екі ақынның әрқайсысына – 500 мың теңгеден, үшінші орын алған үш ақынның әрқайсысына – 300 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар бес арнайы сыйлық қарастырылған. Өлеңдер мен өтінімдер 2026 жылғы 30 маусымға дейін қабылданады», дейді «Алтын тұғыр» қоғамдық қорының төрайымы Арай Қалиева.

Айта кетейік, мүшәйра қорытындысы бойынша үздік шығармалар арнайы поэзиялық жинаққа енгізіліп, мемлекеттік мекемелер мен кітапханаларға таратылмақ.

Айта кетейік, Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар