• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 13:15

Мәди Такиев: ЖИ саласында мыңдаған маман даярланады

Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізгі бағыттардың бірі – автомобиль жасау, жасанды интеллект және технологиялық экожүйені дамыту. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

«Үкімет өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Автомобиль жасау саласында, Қостанай облысындағы KIA зауыты және Алматы қаласындағы «Астана Моторс» мультибренд зауыты іске қосылды. Жалпы, жыл сайын шығарып отырған 160 мың автомобиль, бұл саланы едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді», деді Мәди Такиев. Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті

Цифрландыру және жасанды интеллект саласында Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Alem.AI тұжырымдамасы шеңберінде Жасанды интеллект саласында мыңдаған мамандар даярлау, жыл сайын жүздеген стартаптар мен ондаған зерттеу жобаларын қолдау жоспарланып отыр.

«20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді. Astana Hub – технологиялық компаниялар мен стартаптарға арналған алаң ретінде дамуын жалғастырып жатыр. Онда 2 200-ден астам IT-компания, оның ішінде 500-ден астам шетелдік компаниялар тіркелген», деді Қаржы министрі. Өткен жылы елімізде ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
Соңғы жаңалықтар