• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:17

Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды

Астанада кәмелетке толмаған баланы қараусыз қалған аулаға сүйреп әкетпек болды деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 5 маусым күні елорданың Алматы ауданында, №13 мектептің маңында болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода белгісіз ер адамның шамамен 9-11 жастағы баланы күштеп ұстап, ескі дөңгелектер үйілген қараусыз аулаға қарай алып бара жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға бейжай қарамаған тұрғындар дереу араласып, баланы ер адамның қолынан босатып алған. Кейін олар полиция шақырған.

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша 56 жастағы азаматтың ұсталғанын растады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.

Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, баланың заңды өкілі полицияға арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жалғастырып, ер адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар