• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:55

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам қайтыс болды

Астанада автокөлік жарылысынан кейін ауыр жарақат алған Алмас Әдешов ауруханада көз жұмды. Бұл туралы марқұмның қызы Айым әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 31 мамыр күні Аманжолов көшесінде болған. Жарылыс кезінде көлікте әкесі, анасы және кәмелетке толмаған балалары отырған. Салдарынан Алмас Әдешов денесінің 90-95 пайызын күйік шалып, аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді.

Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, алған жарақаттары тым ауыр болып, ер адам көз жұмды.

Отбасының басқа мүшелері зардап шекпеген, олардың жағдайы қалыпты.

«Казцинк» зауытындағы жарылыс: Апаттың алдын ала себебі белгілі болды

Марқұмды жерлеу рәсімі 10 маусым күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар