Екібастұз қаласында бір жасар бала бесінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлап кетті. Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бала москит торымен бірге құлап, үй маңындағы бұталардың арасына түскен. Осыдан соң тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған.
«Науқас шұғыл түрде реанимация бөліміне «полижарақат» диагнозымен жатқызылды. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Емдеу жансақтау бөлімінде жалғасып жатыр», деді Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко.
Оқиға кезінде баланың анасы басқа бөлмеде болған. Кейіннен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қызылордада 4 жасар бала терезеден құлап кете жаздады
Еске салайық, жақында Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті еріктілермен бірлесіп «Қауіпсіз терезе» акциясын бастады. Аталмыш акция балалардың терезеден құлау фактілерінің күрт артуына байланысты қолға алынып отыр. ТЖД мәліметінше, былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған.