Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы алғашқы жолаушы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жол жүріп өтті.
LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты
Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.