Кассациялық сот Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың шағымын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
«Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың кассациялық шағымы қанағаттандырылмасын», деді судья Ерлік Сералин.
Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қаза тапқан күні туралы айтты
Соттың мәліметінше, Байжанов Нүкенова қайтыс болғаннан кейін қылмысты көре тұра, оның ізін жасыруға тырысқан. Ол мейрамханаға кірмек болған мемлекеттік орган қызметкерлеріне кедергі келтіріп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшірген, камераларды сөндіріп, телефонды басқа жерге апарған және мейрамханаға әйелдің киімдерін әкелген.
«Қылмыстық әрекеттің жасалғаны жөніндегі сот қорытындылары мен алқабилер үкімінде көрсетілген мән-жайлар негізді. Олар дәлелдер жиынтығы мен сот отырыстары материалдарына сүйенген. Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында соттың процессуалдық заң талаптарын бұзбағаны анықталды. Оның ішінде алқабилер алқасын қалыптастыру және дәлелдерді зерттеу кезінде шығарылған айыптау үкімі және алқабилер шешімінің заңдылығы мен негізділігіне әсер етуі мүмкін бұзушылықтарға жол берілмеген», деп түсіндірді Сералин.
Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды
Сондай-ақ сот алқасы тағайындалған жазаны жасалған әрекетке, сотталған адамның жеке басына және қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейіне сай екенін жеткізді. Осыған байланысты қорғау тарапының қоғамнан оқшауламастан жаза тағайындау немесе шартты жаза беру мүмкіндігі туралы уәждері негізсіз деп танылды.
Осыдан екі жыл бұрын Астанада апелляциялық сот алқасы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырмаған болатын.