• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 11:14

Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?

80 рет
көрсетілді

Елімізде бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына ерекше мән беріліп келеді. Бұл мәселенің білім беру саласындағы өзектілігі орасан. Аталған бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған бастамалар жөнінде Қаржы министрлігіне қарасты Қаржы орталығының басқарма төрағасы Шолпан Утельбаевадан сұрап білген едік.

«Бюджеттен бөлінген әр теңге адами капиталды дамытуға бағытталған жағдайда азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі артады. Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы қаржы ресурстарын тиімді басқарудың мәні де осында. Ең алдымен тиімділік ұғымының мәнін айқындау қажет. Ол қаржыландыру көлемімен шектелмей, ақша айналымын тиімді басқаруды, қаражаттың уақтылы игерілуін және нәтижелердің өзара салыстырмалылығын қамтиды. Осыған байланысты бюджеттік шешім қабылдаудан бастап адамға әсер ететін түпкілікті нәтижеге дейінгі барлық кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ететін жүйелік құрылымды қалыптастыру қажеттілігі туындайды», деді Шолпан Ануарбекқызы.

Оның айтуынша, білім беру саласындағы қаржыландыру тиімділігі ең алдымен қаражат қозғалысының бүкіл жүйесін дұрыс түсінуден басталады. Айталық, міндеттемелердің қалыптасуы, мәліметтердің расталуы мен төлемдердің жүзеге асырылуы жеткілікті деңгейде айқын болмаса, бюджет процесінің ашықтығы мен болжамдығын қамтамасыз ету қиын.

Сондықтан Қаржы орталығы білім беру саласын қаржыландыруды дамытудың тұжырымдамасын әзірледі. Оған сәйкес бытыраңқы тәсілден бірыңғай қаржылық-цифрлы архитектураға көшу көзделген. Бұл модельде қаражат, мәліметтер, білім беру қызметінің сапасы және білім алушыға бағытталған түпкілікті нәтиже өзара байланыстырылған.

«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды

Яғни, жаңа жүйе деректердің салыстырмалығын қамтамасыз етіп, міндеттемелер мен төлемдердің үйлесімділігін арттыруға, сондай-ақ қаржы ағындарын жедел басқаруға мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманың мәні – мемлекет қаражаттың аударылуы мен игерілуімен шектелмей, оның оқушыға, студентке, жас маманға, өңірге және тұтастай ұлттық экономикаға қандай әсер беретінін бағалай алуы тиіс.

«Осы тұрғыдан алғанда, біз білім беруге жұмсалған ресурсты адами капиталға салынған инвестиция деп санаймыз. Сондықтан қаржы моделі «қанша ақша бөлінді?» деген сұрақпен ғана шектелмей «қандай нәтиже берді?» деген сауалға да жауап беруі қажет», деді Қаржы орталығының басқарма төрағасы.

Шолпан Утельбаева айтқандай, бүгінде қоғамның, атап айтқанда, ата-аналардың, студенттердің, жұмыс берушілердің және тұтастай мемлекеттің сұранысы өзгерді. Сол себепті саланы қаржыландыру тетігі де жаңа тәсілді талап етеді. Бұған дейін қаржы көлемін бөлу өзекті болса, қазір қаражаттың тиімді жұмсалуы негізгі орынға шықты.

«Мемлекет білім беру саласына қомақты ресурс жұмсап келеді. Алайда қаржыландырумен қатар түпкілікті нәтижені бағалау да маңызды: балаға сапалы қызмет көрсетілді ме, студент қажетті қолдаумен қамтамасыз етілді ме, қаражат уақытында жетті ме, сондай-ақ қаржыландыру мен оқу нәтижелерінің арасында нақты байланыс бар ма? Осы ретте қолданыстағы модель мәліметтердің сәйкестендірілуінен бастап міндеттемелердің қалыптасуы мен нақты нәтижеге дейінгі барлық құрал тізбегінің ашықтығын толық қамтамасыз ете алмай отыр. Мәселен, кейбір жағдайларда қаржыландыру көлемі, көрсетілген қызметтердің расталуы мен төлем мерзімдері арасында алшақтықтар туындайды. Бұл жүйенің болжамдығына және қатысушылардың сеніміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан біз кезең-кезеңімен «ұйымды қаржыландыру» тәсілінен «адамға әсер ететін нәтижені қаржыландыру» тетігіне көшіп келеміз. Мұндай тәсіл бюджет шешімдерін нақты сапа көрсеткіштерімен байланыстыруға мүмкіндік беріп, қаржы тетіктерін неғұрлым дәл баптауға жол ашады. Бұл түбегейлі маңызды қадам», деп атап өтті Ш.Утельбаева.

Осы орайда Қаржы орталығы қаржы мен білім беру салалары, цифрландыру мен мемлекеттік басқару тоғысқан бағытта жұмыс істеп келе жатқанын айта кеткен орынды.

Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады

Ұйымның негізгі міндеті – білім беру саласындағы қаржы ресурстары бойынша міндеттемелердің қалыптасуынан бастап қаражаттың түпкілікті алушыға жетуіне дейінгі барлық кезеңде болжамды, ашық әрі заңға сәйкес жүйені қалыптастыру.

«Біздің орталық бюджет рәсімдері, көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер мен есеп айырысу тетіктері арасындағы байланыстырушы буын ретінде жұмыс істеп, олардың дәйектілігі мен сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар деректер деңгейінде, әдістемелерде, келісімшарттарда, орындалу мерзімдерінде және процесс қатысушыларының жауапкершілігінде, біз жүйенің қай жерде тұрақты жұмыс істеп тұрғанын және кемшіліктердің қай тұста туындайтынын талдау арқылы анықтап отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда, орталықтандырылған басқару функциясын күшейту қажеттілігі айқын. Біртұтас контурсыз қаржы жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған байланысты Қаржы орталығының рөлі кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Алайда бұл өкілеттіктерді қайта бөлуді білдірмейді. Керісінше, аталған амал білім беру саласындағы қаржылық тәртіпті, аналитиканы, цифрлы контурды және басқарушылық ашықтықты қамтамасыз ету функцияларын дамытуға бағытталған», деп нақтылады Қаржы орталығының басшысы.

Осы тетік аясында ұйым есеп айырысудың қатысушысы рөлінен шығып, бюджет қаражаты қозғалысының тұрақтылығын, болжамдығын және ашықтығын қамтамасыз ететін жүйенің негізгі инфрақұрылымдық буынына айналып келеді.

Соңғы жаңалықтар