2000 теңгелік ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың қатар айналымда жүру мерзімі биыл жазда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік купюралар үшін белгіленген параллель айналым кезеңі 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін жалғасады. Аталған мерзім аяқталған соң, бұл банкноттармен дүкендерде төлем жасау мүмкін болмайды.
Банкноттың беткі жағында «Қазақ Елі» монументі мен қалықтаған көгершіндер бейнеленген.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан азаматтарына ескі купюраларды жаңасына ауыстырудың қажеті жоқ, өйткені екі үлгі де заңды төлем құралы ретінде ел аумағында қабылдана береді.
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
2026 жылғы 25 маусымнан бастап ескі үлгідегі банкноттарды екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл ішінде айырбастауға болады. Ал Ұлттық банктің филиалдарында мұндай купюралар мерзімсіз қабылданады.
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?