• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:08

Қазақстанда бала құқығын қорғау комиссияларының қызметі қайта жүйеленді

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметі жаңа ережелерге сәйкес қайта жүйеленді. Жаңартылған тәртіп қазірдің өзінде өңірлерде қолданысқа енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңды іске асыру мақсатында 2026 жылғы 30 наурызда қабылданған.

Өткен жылдың көрсеткіштері бұл өзгерістің өзектілігін айқын көрсетті. 2025 жылы республика бойынша 4,1 мыңға жуық комиссия отырысы өтіп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға артқан. Қаралған істер саны 26,7%-ға көбейген, ал өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға қатысты істердің үлесі 17,1%-ға азайған. Қазіргі таңда ел бойынша 274 комиссия жұмыс істейді.

Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желіден шектеу керек - депутат

Жаңа ережелердің басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тиімділігін арттыру. Құжатта республикалық деңгейден бастап аудандық және ауылдық деңгейге дейінгі комиссияларды қалыптастыру тәртібі нақты айқындалған. Олардың құрамына білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер, әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, психологтар, қоғамдық ұйымдар мен бала құқықтары жөніндегі уәкілдер енгізілген.

Комиссиялардың негізгі міндеттері – балалардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтардың себеп-салдарын анықтау, сондай-ақ қараусыздықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу.

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Ережелерде материалдарды қарау тәртібі, шешім қабылдау мерзімдері, отырысқа кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің қатысуы, сондай-ақ қолданылатын шаралар нақты регламенттелген. Сонымен бірге өмірлік қиын жағдайдағы балаларды ерте анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және қолдау тетіктеріне ерекше назар аударылған. Бұл бағытта уәкілетті органдар мен жауапты тұлғалардың жеке жауапкершілігі күшейтілді.

Жаңартылған ережелер комиссиялар жұмысының жүйелілігі мен ашықтығын арттырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге және әрбір баланың құқығын кешенді қорғауға мүмкіндік береді.

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Соңғы жаңалықтар