Алматы прокуратурасының қадағалау қызметі шеңберінде жалпы аумағы 288 га болатын екі жер телімдері жеке меншікке заңсыз берілгендігі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала прокуратурасының мәліметінше, даулы жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алуға жатпайды. Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапқан.
Балқаш көлі маңындағы жер телімі мемлекетке қайтарылды
Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырып отыр.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде 17 млрд теңгеден астам даулы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды», делінген хабарламада.
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды