• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:32

Қазақстанда психологтардың қызметі заңмен реттеледі

40 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары еліміздегі психологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжат Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжат аясында саладағы негізгі ұғымдар айқындалады. Атап айтқанда, «психолог», «психологиялық қызмет», «ақпараттандырылған келісім», «психологиялық көмектің сапасы», «кәсіби құпиялылық» сияқты түсініктер енгізіледі. Айта кетерлігі, бұл заң медициналық қызметтерге қатысты емес, тек психологиялық көмек көрсету саласын қамтиды.

Балалардың психологиялық қауіпсіздігі: Қазақстанда бірыңғай цифрлы платформа құрылады

«Заң жобасының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен психологиялық жағдайын жақсарту. Сондай-ақ заңдылық, еріктілік, құпиялылық, кәсіби құзыреттілік, ғылыми негізділік және зиян келтіруге жол бермеу қағидаттары белгіленген. Мемлекеттік реттеу мәселелеріне жеке бөлім арналған», делінген хабарламада.

Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?

Заң жобасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің психологтардың біліктілігін тану және мемлекеттік тізілімді жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды. Құжатты талқылау барысында депутаттар аталған тізілімді электрондық форматта жүргізу тәртібін нақтылап, тіркелуге жататын психологтар санаттарын белгіледі. Сонымен қатар мәліметтердің ашықтығы және оларды уәкілетті органның интернет ресурсында орналастыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар