• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:52

Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді, енді науқан 1 сәуірде емес, 27 мамырда басталады. Сонымен қатар, цифрлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өңірлер бойынша арнайы кесте енгізілді. Мәселен, Қарағанды облысында құжаттар 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жұмыс күндері қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қажетті құжаттар

Қазақстан азаматтары үшін:

ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; медициналық құжаттар (денсаулық паспорты 026/у-3 және екпе картасы 065/у); 3×4 см өлшеміндегі екі фотосурет.

Мектепалды даярлықтан өткен және сол білім беру ұйымында оқуды жалғастыратын балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл ата-аналар үшін рәсімді жеңілдетеді және құжаттарды қайта жинау қажеттілігін жояды. Дегенмен, ата-аналар басқа мектепті таңдауға құқылы, мұндай жағдайда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.

1-сыныпқа құжат қабылдау уақыты өзгерді

Шетел азаматтары үшін:

Шетел азаматтарына да негізгі талаптар ортақ, алайда Қазақстан аумағында заңды тұру құжаты болуы міндетті.

ата-анасының өтініші; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; медициналық анықтама; 3×4 см фотосуреттер; Қазақстанда заңды тұратынын растайтын құжат (ықтиярхат, уақытша тұруға рұқсат, босқын немесе қандас куәлігі және т.б.); жеке басын куәландыратын құжат және көші-қон картасы.

Шетелден келген балалар мектепке олардың білім деңгейі ескеріле отырып қабылданады. Құжаттар толық болмаған жағдайда, шешімді арнайы комиссия қабылдайды.

Баланы 1-сыныпқа қалай даярлаймыз?

Қосымша сұрақтар бойынша (8-7212) 50-45-25 нөміріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар