Тараз қаласындағы жеке мектептің 11-сынып оқушысы сот арқылы өз әкесінен алимент өндіріп алды. Ай сайын 68 мың теңге көлемінде оқу ақысын төлейтін қыз ұзақ жылдар бойы өміріне араласпаған және материалдық қолдау көрсетпеген әкесінен заң жүзінде көмек алуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
2008 жылы әкесі екі баласынан, соның ішінде қызына да қатысты ата-ана құқығынан нотариалды түрде бас тартқан. Ал 2018 жылы отбасында қайғылы жағдай болып, анасы мен ағасы қаза тапқаннан кейін, қыз әжесінің қолында тұрып келген. Осы уақытқа дейін әкесі ешқандай көмек көрсетпеген, керісінше байланыстан қашып, қызы хабарласуға тырысқанда телефон нөмірін бұғаттап тастаған.
Қаржы жағдайының ауырлығына байланысты мектеп оқушысы сотқа жүгініп, алимент өндіруді талап етті. Барлық шығындар әжесінің мойнында болғандықтан, қаражат тек күнделікті қажеттілікке ғана жеткен.
Алимент жүйесін реттейтін заң мақұлданды
Сот отырысында әкесі талапты ішінара қанағаттандыруды сұрап, басқа некеден төрт баласы бар екенін және несиелік міндеттемелерін алға тартты. Алайда сот оның бірнеше кәсіптен табыс табатынын және еңбекке қабілетті екенін анықтады.
Сонымен қатар, сот шешімі шыққан күні оның жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққаны және бұған дейін тағы төрт баланың әкелігін ресми мойындағаны белгілі болды. Сот бұл әрекеттерді алимент мөлшерін әдейі азайту әрекеті деп бағалады.
Нәтижесінде Тараз қалалық соты оны қызына оқуын аяқтағанға дейін ай сайын 17 айлық есептік көрсеткіш (66 844 теңге) көлемінде алимент төлеуге міндеттеді.
Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Апелляциялық шағым нәтиже бермеді, Жамбыл облыстық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Үкім заңды күшіне енді.