• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:20

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

10 рет
көрсетілді

Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Францияда жанармай бағасының рекордтық өсімі тіркелді. Бұл – соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Le Figaro» газетінің мәліметіне сүйенсек, өткен аптаның ішінде ғана дизель отыны 8 еуроцентке қымбаттап, литріне 2,2 еуроға жеткен. Сарапшылар мұндай күрт қымбаттаудың басты себебі ретінде Парсы шығанағынан келетін мұнай тасымалын шектеген Ормұз бұғазының бұғатталуын атап өтті.

Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?

Бұл тапшылықты өтеу және бағаны ауыздықтау мақсатында Франция билігі техникалық стандарты төмендетілген жанармайды сатуға уақытша рұқсат берді. Сонымен қатар сәуір айында ел үкіметі дағдарыстан ең көп зардап шеккен экономика салаларын қолдау үшін 70 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр.

Иран Дубай жағалауындағы алып мұнай танкеріне соққы жасады

Айта кетейік, дизель – Франциядағы ең өтімді жанармай түрі. Елдегі жалпы отын нарығының шамамен 70 пайызы осы дизельге тиесілі.

Трамп Иран мұнайын иемденгісі келеді

Еске сала кетейік, жұма күні Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 3 пайызға өсіп, барреліне 115 долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар