Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватияда өтіп жатқан Еуропа кубогында алтын медаль иеленді. Турнир Дубровник қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанып, жарыстың алғашқы күніндегі ұлттық құрама үшін ең жоғары нәтижені көрсетті.
Сонымен қатар Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті: Дамир Болатбеков (60 келіге дейін) – күміс жүлде; Толқын Тұрсынқұлова (78 келіден жоғары) – қола жүлде.
Осылайша, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі.
Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Айта кетейік, Хорватиядағы Еуропа кубогы 28-29 наурыз аралығында өтіп жатыр.