• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Марапат Кеше

«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан Конституциялық комиссияның бірқатар мүшесіне, БАҚ және қоғам өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Бұл орайда «Егемен Қазақстан» газетінің фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ерлан Қарин марапат иелерін құттықтап, референдумда азаматтарымыз қабылдаған жаңа Конституция біздің қоғамның президенттік реформалар төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін тағы бір мәрте растағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар