• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты

10 рет
көрсетілді

Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысып, бес адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады өңірлік полиция.

Полиция жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу бастады, барлық мән-жайлар анықталып жатыр. 

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

 

Соңғы жаңалықтар