• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Щучинсктегі жарылыс: Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

10 рет
көрсетілді

Ақмола облысында Щучинскіде дәмханада болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы белгілі болды, деп жазады Egemen.kz sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта екі адам Көкшетаудағы облыстық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқастар қажетті медициналық көмекті алып, дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында. Тағы бір зардап шеккен науқас ауруханадан шығарылды, ал бір әйел травматология бөлімінде, күйік шалу бойынша мамандардың бақылауында емделіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, «Авиценна-Бурабай» стационарында науқастар жоқ – барлығы Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Щучинсктегі өрт: Ауруханада ауыр халде жатқан тағы 2 адам қайтыс болды

Еске салайық, 27 ақпан күні бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шыққан еді. Сол күні оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, жеті адам қаза тапқаны хабарланған. 

Кейіннен зардап шеккендердің саны 28 адамға жеткені мәлімделіп, жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ Бурабай ауданының әкімдігі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге берілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар