• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:32

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді

20 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді. Хаменова жазасын жабық мекемеде өтемейтін болды. Оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шектеу түрімен алмастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс 16 наурызда Атырау қалалық №2 сотында қаралды. Бұған дейін Хаменоваға берілген жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі 10 наурызда аяқталған.

Сот мәліметінше, осы уақыт аралығында Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған және баласын тәрбиелеу міндеттерін орындаған. Осыған байланысты, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды.

Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

Айта кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Хаменова Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату жобасын іске асыру кезінде 4,5 миллион теңге пара алған деген күдікпен ұсталған. 2022 жылдың қарашасында сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда оның баласы болғандықтан, нақты жазаны өтеу үш жылға кейінге қалдырылған.

 Шымкентте аудан әкімі ер адамды соққыға жықты: Тәртіптік іс қозғалды

Соңғы жаңалықтар