• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:57

Сарапшы: Әлеуметтік зерттеулер жаңа Конституцияға қоғамдық қолдаудың тұрақты жоғары деңгейін көрсетті

10 рет
көрсетілді

Конституциялық реформаны қоғамдық қабылдауда азаматтар күнделікті өміріне, әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттік басқару сапасына тікелей әсер ететін нормаларға көбірек назар аударады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Өңірлермен жұмыс бөлімінің басшысы Әмина Үрпекова «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сарапшылар дөңгелек үстелінде мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, конституциялық реформаны қоғамдық қабылдау динамикасы 2026 жылғы қаңтардан наурыз айының басына дейін жүргізілген бірнеше ұлттық әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінен айқын көрінеді.

Ел азаматтарының 87,1 пайызы жаңа Конституцияны қолдады

Ә. Үрпекова қоғамдық талқылаудың бастапқы кезеңінде азаматтардың назары ең алдымен институционалдық жаңалықтарға ауды, өйткені олар қоғамдық күн тәртібіндегі ең көзге көрінетін өзгерістер болғанын атап өтті. Мұндай өзгерістер қатарында бір палаталы парламентке көшу, вице-президент лауазымын енгізу және Халық қеңесін құру жиі аталды.

Референдум жақындаған сайын қоғамның назары біртіндеп азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктеріне тікелей қатысты Конституция нормаларына ауысты.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды

Талқылаудың соңғы кезеңінде қоғамда модернизация басымдықтарын әлеуметтік маңызы бар мәселелермен ұштастыратын нормаларға ерекше қызығушылық артты. Оларға қоршаған ортаны қорғау, білім мен ғылымды дамыту, цифрлық ортада жеке деректерді қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға қатысты нормалар жатады.

«Азаматтар күнделікті өмір үшін практикалық маңызы бар деп қабылданатын реформаның ережелеріне әлдеқайда көбірек көңіл бөледі», деді Ә.Үрпекова.

Ол сондай-ақ әлеуметтік зерттеулер Конституция жобасына қоғамдық қолдаудың тұрақты жоғары деңгейін көрсететінін айтты. Әртүрлі сауалнама деректеріне сәйкес, реформаны қолдау деңгейі респонденттер арасында шамамен 90% деңгейінде болған.

Мемлекет басшысы: Ата заң – бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы

Әдіснамасы мен іріктеме көлеміндегі айырмашылықтарға қарамастан, барлық зерттеулер қоғамдық көңіл-күйдің ұқсас динамикасын көрсетеді.

«Сонымен қатар қоғамдық талқылау мен түсіндіру жұмыстары референдум қарсаңында Конституция жобасына тұрақты жоғары қолдау деңгейінің қалыптасуына ықпал етті», деді сарапшы.

Сауалнама деректеріне сәйкес, респонденттердің басым бөлігі реформалар олардың өмірі мен әл-ауқатына оң әсер ететі деп күтеді. Ал референдумға қатысуға дайындық деңгейі 71-75% шамасында болды, бұл елдің болашақ конституциялық моделін талқылау төңірегінде қоғамдық жұмылдырудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар