• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 14:20

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды

30 рет
көрсетілді

Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Жиында Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумның қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай өтіп, азаматтар белсенділік танытқан.

Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Салтанатты жиын елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айқындап, жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған нақты қадамдардың басталғанын көрсетті.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар