Кубада электр энергиясы толығымен өшіп қалды. Бұл жағдай АҚШ тарапынан мұнай жеткізілімдері тоқтағаннан кейінгі алғашқы ірі энергетикалық дағдарыс ретінде бағаланып отыр. Елдің энергетикалық компаниясы электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Дональд Трамп Венесуэла мұнайын Кубаға жеткізуге тыйым салған болатын. Кейінірек АҚШ-тың қысымымен Мексика да аралға мұнай экспортын тоқтатты. 13 наурызда Куба президенті Мигель Диас-Канель елге мұнай жеткізілмей отырғанына үш ай болғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Куба билігі АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп, екіжақты мәселелерді талқылауға тырысқан. Алайда нақты нәтижелер туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Соңғы жылдары Кубада жарықтың өшуі жиілеп кеткен. Ресми билік мұны АҚШ енгізген экономикалық санкциялармен байланыстырса, сарапшылар елдегі ескірген энергетикалық инфрақұрылым мен инвестицияның тапшылығын басты себептердің бірі ретінде атайды.
Куба электр энергиясын өндіруде негізінен мұнайға тәуелді. Ресми өкілдердің айтуынша, отын жеткізілімдерінің іс жүзінде тоқтауы энергетикалық дағдарысты одан әрі ушықтырды. Бұл өз кезегінде жарықтың жиі өшуіне, дәрі-дәрмек тапшылығына және туризм ағынының төмендеуіне әкелген.
Сонымен қатар елде жанармай бағасы күрт өскен. Бейресми нарықта бір көліктің багын толтыру құны 300 долларға дейін жетеді.
Ал АҚШ билігі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды