Таң сәріден Сәрсен Аманжолов университетінің ұжымы мен студенттері ұлттық киім киіп, Өскемендегі 81-учаскеде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шығыстағы ғана емес, еліміздегі кадрлардың ұстаханасы сынды оқу ордасының ұжымы қашан да ел мүддесіне бағытталған саяси науқандардан қалыс қалмайды. Белсене араласып, түрлі челлендждер ұйымдастырады. Университет басшылығы да жастардың ұстанымын үнемі қолдап, демеу беріп отырады.
– Күн Шығыстан шығады. Сондықтан, еліміз үшін ерекше күнде ерте тұрып, ұжымымызбен, студенттерімізбен барып, дауыс бердік. Өскеменде бүгін күн шайдай ашық. Еліміздің аспаны да бүгінгідей шуақты, жастары қуатты болсын, – деп Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің ректоры Мұхтар Төлеген жүрекжарды лебізін білдірді.
Маңғыстауда ұлттық киімнен әлемдік рекорд орнады
Айта кетейік, саяси науқан күні оқу орынның ұжымы «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Алматы облысының тұрғыны референдум учаскесіне ұлттық киім киген роботпен келді
Шығыс Қазақстан облысы