• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 08:00

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

20 рет
көрсетілді

Жаңаарқа ауданының тұрғыны 116 жастағы Түймегүл Темірбаева референдумда дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Қарт адамның жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, учаскелік референдум комиссиясының мүше­лері арнайы дауыс беру жәшігін оның үйіне апарды.

Қызылжар кентінің тұрғыны Түймегүл Темірбаева 1910 жылы дүние­ге келген. Биыл қаңтар айында ол 116 жасқа толып, еліміздегі  ең қарт тұрғын атанды.

Өмірін отбасына арнаған Түймегүл әженің айтуынша, ұзақ өмір сүрудің басты сыры – еңбекқорлық пен жақын адамдарға деген сүйіспеншілік. Бүгінде әженің 15 немересі және 25 шөбересі бар. Ол өмір бойы отбасының тірегі болып, балалар мен немерелеріне үлгі көрсетіп келеді.

Осылайша, ғасырдан асқан ұлытаулық  кейуана маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға үлесін қосты.

 

Ұлытау облысы

 

Соңғы жаңалықтар