• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 15:15

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

10 рет
көрсетілді

Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайту арқылы жолаушыларға қосымша 2 177 орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған шара мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етуге және сапарларды барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Мереке күндері қатынайтын қосымша қала маңындағы пойыздар:

− 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;− 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;− 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;− 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.

Сонымен қатар, 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.

«Наурызнама»: Елордада Көрісу күні қалай атап өтіледі?

Жолаушылар билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз сатып ала алады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.

«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады

Соңғы жаңалықтар