• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 01:05

Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол жабылды

10 рет
көрсетілді

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласынан республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдар көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Көлік қозғалысына шектеу қойылған бағыттар:

Қарағанды облысы:

2026 жылғы 12 наурыз сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғас» 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан – Қарқаралы қаласына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша:  «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» 426–587 шақырым аралығы, (Кенжекөл ауылынан– Абай облысының шекарасына дейін).

«Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» км 0–220, уч. (Атамекен ауылынан – Абай облысының шекарасына дейін).

KZ 14-04 «Павлодар қаласының айналып өтетін Батыс жолы Мостовой» 0–16 шақырым (Кенжекөл аулынан – Ақсу ауылына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы:

KAZ07«КНР шекарасы – Майкапшагай – Зайсан айналма жолы – Калбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» 587–733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан – Семей қаласына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

 

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Соңғы жаңалықтар