• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 00:25

Қарағанды облысында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

10 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Осакаров ауданында облыстық маңызы бар «Осакаровка – Нұра» автожолының жабық учаскесінде 6 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техниканың көмегімен көліктерде болған 20 адамды, оның ішінде 2 баланы, Осакаровка кентіне жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Төтенше жағдайлар министрлігі жолға шығар алдында ауа райы жағдайын және жолдардың жай-күйін ескеру қажет екенін ескертті. Ауа райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартқан жөн.

Соңғы жаңалықтар