Бейжіңде Қытайдың 15 жылдық даму жоспарының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр. Негізгі мақсат – 2030 жылға қарай әлемдік «өндіріс фабрикасын» жаһандық инновация орталығына айналдыру. Құжатта озық өндірісті тірек еткен заманауи индустриялық жүйе қалыптастыру және ғылыми-технологиялық дербестікті күшейту басым бағыт ретінде белгіленген. Жоспар Қытайдың Ұлттық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясына ұсынылды. Геосаяси шиеленістер күшейген кезеңде бұл бағдарлама ұзақ мерзімді экономикалық өсімге деген сенімді нығайтуға бағытталған стратегиялық құжат ретінде бағаланып отыр. Бұл туралы english.news.cn сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бес жылдық жоспар Қытайды жаңа технологиялық революция мен өнеркәсіптік өзгерістер толқынын тиімді пайдаланып, «жаңа сапалы өндірістік күштерді» қалыптастыруға шақырады. Ел алдағы жылдары технологияға ірі көлемде инвестиция құюды көздейді.
Мәселен, Бейжіңдегі Хайдянь ауданы – «Қытайдың Силикон алқабы» биыл өндірістік инновацияға 9 млрд юаньнан астам (шамамен 1,3 млрд доллар) қаржы бөлетінін мәлімдеді. Бұл қаражат жасанды интеллектпен айналысатын Zhipu AI және чип жобалаушы Moore Threads сияқты компанияларды қолдауға бағытталады.
Бұл бастама – Қытайдың ұзақ мерзімді технологиялық инвестиция саясатының бір бөлігі. Былтыр құрылған ұлттық венчурлық қор триллион юань көлеміндегі капиталды тартуды көздейді. Бұдан бөлек, билік бірігу мен сатып алуды қолдайтын жаңа қаржылық пул құрып, тағы да триллион юаньдық нарықты іске қосуды жоспарлап отыр.
Ernst & Young (China) Advisory Limited компаниясының сарапшысы Ширли Инхуа Шеннің айтуынша, үкімет тек ғылыми зерттеу туралы айтып қоймай, оны нақты қаржымен қамтамасыз етіп отыр.
Аймақтық инновация орталықтарыҚытайда өңірлерге өз мүмкіндігіне қарай технологиялық бағыт таңдауға мүмкіндік берілген. Мысалы, Шанхай ми-компьютер интерфейсі (BCI) саласын басымдық ретінде дамытпақ. Қалада медицина мен технология компанияларын біріктіру арқылы ғылыми жаңалықтарды өндірісте қолдану жолға қойылған.
Шанхайдағы NeuroXess стартапы инвазивті BCI құрылғысын клиникалық сынақтан өткізіп жатыр. Жергілікті ауруханада 8 жыл бойы сал ауруымен жүрген адамның бас сүйегіне орнатылған құрылғы ой арқылы «Mario Kart» ойынын басқаруға мүмкіндік берген.
Ал оңтүстіктегі Шэньчжэнь инновациялық смарт-техника өндірісінің орталығына айналды. Мұнда электрондық компоненттердің тығыз жеткізу тізбегі қалыптасқандықтан, прототиптен дайын өнімге өту кейде 1 күн ішінде жүзеге асады.
Сарапшылар Қытай экономикасының жаңа қозғалтқыштарын іргелі ғылым, қолданбалы технологияларды коммерцияландыру және ұзақ мерзімді қаржылық қолдау деп сипаттайды.
GPT мен Gemini-ден озып тұр: Қытайлық стартап ашық ЖИ-модель ұсынды
Жаңа технологиялық экономиканың өсуіКей сарапшылар технологияға шамадан тыс қаржы бөлу тұтыну нарығына кері әсер етуі мүмкін деген пікір айтады. Алайда Қытай билігі керісінше, үлкен ішкі нарық, дамыған цифрлық инфрақұрылым және икемді технологиялық компаниялар елге жаңа технологиялық революциядан бірінші болып пайда көруге мүмкіндік береді деп есептейді.
Қытайлық технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіні коммерцияландыруға белсенді кірісіп отыр. Мысалы, интернеттен «жақын маңдағы киноны көргім келеді» деген қарапайым іздеу жүйесі арқылы чат-бот фильм ұсыну, билет брондау және төлем жасауды бір интерфейсте жүзеге асырады.
Alibaba компаниясының Qwen жасанды интеллект моделі смартфонға орнатуға болатын шағын AI жүйесін ұсынды. Бұл жаңалықты кәсіпкер Илон Маск «жоғары интеллект тығыздығына ие әсерлі модель» деп бағалады.
Қытайда жасалған ақылды көзілдірік, 3D-принтерлер мен тұрмыстық роботтар халықаралық нарықта сұранысқа ие. TIME журналының «2025 жылдың үздік өнертабыстары» тізімінде 300 жаңалықтың 40-тан астамы Қытайда жасалған өнімдер болды.
Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды
Өнеркәсіп пен технологияның бірігуіҚытайдың кең өндірістік экожүйесі технологияны нақты өндіріс салаларына жылдам енгізуге мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа бесжылдық жоспарда инновация мен өнеркәсіп арасындағы байланысты күшейту негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырылған.
Алдағы жылдары AI+ бағдарламасы цифрлық жаңалықтарды нақты экономикаға енгізуді жеделдетеді. Xiaomi мен XPeng компаниялары өз зауыттарында қолданылатын гуманоид роботтарды әзірлеп жатыр.
Сонымен қатар реттеушілер жаңа технологиялар үшін нарықты кеңейтіп келеді. Мысалы:
- дрондар қалалар арасында жүк тасымалдап жүр;- роботаксилер кейбір автомагистральдарда жүруге рұқсат алды;- жеке зымыран ұшыру жиілеп, спутник саны артып жатыр.
Жоспарда жаңа технологияларды «sandbox» форматында – арнайы бақылаулы ортада сынақтан өткізу тетігі де қарастырылған.
Сарапшылардың бағалауынша, Қытайдың жаңа индустриялары 2030 жылға қарай 10 трлн юаньдық нарыққа айналуы мүмкін. Ал кванттық есептеу, BCI, embodied AI және 6G секілді технологиялар алдағы онжылдықта жаңа жоғары технологиялық сектор қалыптастырады.
Технологиялық тәуелсіздік және ашықтықҚытай жетекші ғалымдары негізгі технологияларды сырттан сұрап немесе сатып алу мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан 15 жылдық жоспар технологиялық дербестікке ерекше басымдық береді.
Соңғы жылдары Қытай жартылай өткізгіштер саласында бірқатар жетістікке жетті. 2025 жылы елде жасалған жоғары өнімді AI-чиптер таныстырылып, Huawei-дің Ascend экожүйесі 43 ірі тілдік модельді оқытуға пайдаланылды.
Дегенмен Қытай технологиялық тәуелсіздікті оқшаулану деп түсінбейді. Құжатта сыртқы әлеммен жоғары деңгейдегі ашық ынтымақтастыққа арнайы бөлім арналды.
Қытай компаниялары әзірлеген ашық кодты AI модельдері әлемде кеңінен қолданылып жатыр. Сонымен қатар елдің жасыл энергетика технологиялары жаһандық көміртек шығарындыларын азайтуда маңызды рөл атқарады. Қытай қазір әлемдегі күн панельдерінің 80%, жел турбиналары мен литий батареяларының 70% өндіреді.
Бүгінде Қытай 120 мемлекетаралық ғылыми-технологиялық келісімге қол қойған, олардың басым бөлігі дамушы елдермен жасалған.
Сарапшылардың пікірінше, Қытай енді тек шикізат сатып алушы емес, цифрлық инфрақұрылым мен жасыл энергетика саласында жаһандық серіктеске айналып келеді.
Қазақстан үшін Қытай сабағы: Индустриялық саясат – серпін бе, әлде елестегі өсім бе?