• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:48

Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

20 рет
көрсетілді

8 наурыз күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасының президенті телефон арқылы сөйлескен. Нәтижесінде Әзербайжан тарабы Иранға гуманитарлық көмек жөнелткен, деп жазады Egemen.kz.

Жүк шекара бекетіне Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің көліктерімен жеткізілген. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі шамамен 30 тоннаға жеткен.

Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті

Иранға көмек ретінде азық-түлік өнімдері мен медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек жөнелтілген. Атап айтқанда, 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам ауыз су, шамамен 600 килограмм шай және шамамен 2 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жіберілген.

Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды

Аpa.az хабарлауынша, жүк көліктері «Астара» өткізу бекетіне жетіп, Иранға бағыт алған.

Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады

Соңғы жаңалықтар